{metadescription}
Ақтоты Райымқұлова қызметтен кетуге дайын екендігін айтты

Ақтоты Райымқұлова қызметтен кетуге дайын екендігін айтты

Ел алдындағы есебінен кейінгі брифингіде Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова жемқорлық дауына іліккен орынбасары туралы пікір білдірді.

«Мәдениет және спорт министрінің бұрынғы орынбасары Сәкен Мұсайбековтің кінәлі екені дәлелденсе, қызметіңізден кетуге дайынсыз ба?», - деп сұрады тілшілердің бірі министрден.

«Бәрінен бұрын, әрине тағылған айып дәлелденуі керек. Егер айып дәлелденсе, әрине, заң бойынша мен өз еркіммен жұмыстан босату туралы өтініш жазамын. Бірақ бұл кінә дәлелденген жағдайда», - деді Ақтоты Райымқұлова.

Еске сала кетейік, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков букмекерлік саланың мүддесін қорғады деген күдікке ілініп, ұсталған болатын.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.