{metadescription}
Әйел абайсызда 26 миллион доллардан қағылды

Әйел абайсызда 26 миллион доллардан қағылды

АҚШ-тың Калифорния штатының тұрғыны лотереядан 26 миллион доллар ( 11 миллиард 558 млн теңге) ұтып алған, бірақ билеті абайсызда кір жуғыш машинаға түсіп кеткен.

Әйелдің айтуынша, ұтыс билеті жуылған шалбарының қалтасында болған. SuperLotto Plus ұтыс билеті Лос-Анджелес маңында Arco AM/PM дүкенінде сатылғаны белгілі болды. Дүкен иесі билет жойылғандықтан әйел қатты күйзелгенін айтады.

Дүкен менеджері бейнебақылау камерасындағы жазбаларды көрсетіп, әйелдің сол дүкеннен лотерея билетін сатып алғаны анықталды. Ол бейнежазбаның көшірмесін Калифорния лотереясындағы шенеуніктерге тапсырған.

Полицияның мәліметінше, билет қолда болмағандықтан, 19,7 миллиона доллар Калифорния мемлекеттік мектептеріне кетеді. Билетті сатқан дүкен 130 мың доллар бонус алады.

Дереккөз: Stan.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.