{metadescription}
Қазақстанда 39 градус ыстық болады

Қазақстанда 39 градус ыстық болады

Қазақстанның үш өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидрометке". 

15 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде найзағаз ойнайды. Түнде және күндіз, синоптиктердің болжамы бойынша, тұман болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні секундына 15-20 метр болады. 

Маңғыстау облысында дауылды ескерту жарияланды. Өңірде 15 мамырда 38-39 градус ыстық болады. Қызылорда облысында кей жерлерде шаңды дауыл болады. Шығыстан жел соғып, облыстың кей жерінде секундына 15-20 метрге дейін жетеді. 

Қазақстанның көптеген аймағында Солтүстік батыс антициклонының әсерінен бұлтты, қолайлы және құрғақ ауа райы сақталады. Сондай-ақ республиканың солтүстік жартысында түнде температуралық фон 8....16-ға дейін, күндіз 25....33-ға дейін, Батыс және оңтүстік өңірлерде түнде 12....20-ға дейін, күндіз 28....36-ға дейін көтеріледі деп болжанып отыр.

 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде