Коронавирус пен пневмониядан 23 адам көз жұмды
Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 15 мамырдағы ақпаратты жариялады.
11:39 15.05.2021
15 мамырдағы мәлімет бойынша, 39 316 адам коронавирус инфекциясынан (38 769 КВИ+ және 547 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 14 033 пациент стационарда, 25 283 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 798 адамның жағдайы ауыр,
• 185 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 107 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек
13 мамырдағы мәлімет бойынша, 130 жаңа жағдай тіркелді, 1 жағдай өліммен аяқталған. 99 адам жазылып шыққан. 2020 жылдың 1 тамызынан бастап: науқастар саны - 54 014, өлім жағдайлары - 852, барлығы 52 615 адам сауығып шықты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!