{metadescription}
Ақтөбеде жоғалып кеткен қыздар жалдамалы пәтерден табылды

Ақтөбеде жоғалып кеткен қыздар жалдамалы пәтерден табылды

Ақтөбеде "Аяла" кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының жоғалып кеткен екі тәрбиеленушісі жалдамалы пәтерден табылды. 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 және 17 жастағы қыздар 12 мамырда жоғалып кеткен. Полицейлер олар баруы мүмкін барлық жерді тексеріп шықты. Екі күннен кейін полицейлер қыздардың қайда екенін анықтады.

"Олар екі тәулік бойы Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесіндегі жалдамалы пәтерде болған. Ювеналды полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандармен профилактикалық әңгіме жүргізіп, орталықтың тәрбиешілеріне тапсырды", - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде