{metadescription}
Қасым-Жомарт Тоқаев 68 жасқа толды

Қасым-Жомарт Тоқаев 68 жасқа толды

Бүгін, 17 мамыр Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні.

Мемлекет басшысы 68 жасқа толды. Бұған дейін мемлекет басшысының хатшысы Берік Уәли президенттің туған күн тойлағысы келмейтінін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылы мамырда Алматыда дүниеге келген. Ол қаладағы №25 мектеп-гимназиясын тәмәмдаған. 1970 жылыТоқаев КСРО Сыртқы істер министрлігі Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтына оқуға түскен. 5-курста КСРО-ның ҚХР-дағы Елшілігіне диплом алдындағы жартыжылдық тағылымдамаға жіберілді.

Тоқаев өзінің "Әкем туралы" кітабында есімінің алғашқы бөлігі Қасым ағасына байланыстырып қойылғанын жазған. Араб тілінен аударғанда Қасым "әдемі, көркем" деген мағына береді. Ал Жомарт деп анасы ұлын қолы ашық, жүрегі кең болсын деген оймен қойған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде