{metadescription}
Ақтауда кәріз құдығына құлап кеткен бала күйіп қалды

Ақтауда кәріз құдығына құлап кеткен бала күйіп қалды

Оқиға облыс орталығының 17-шағын ауданында болған.

12 жасар бала құлап кеткен кәріз құдығы 17-шағын аудандағы үйдің ауласында орналасқан. Құдықта бумен араласқан ыстық су болған, салдарынан баланың екі аяғы күйді.

"Бала анасымен бірге болған. Олар дереу облыстық балалар ауруханасына барды. Дәрігерлер алғашқы медициналық көмек көрсетіп, аяғына таңғыш салды. Қазір баланың жағдайы тұрақты, ол травматология бөлімінде", - деді облыстық балалар ауруханасындағылар.

Дәрігерлердің айтуы бойынша, оның денесінің 10-15 процентін күйік шалды.

Дереккөз: sputnik

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде