{metadescription}
Алматы облысында үйін сағынған сарбаз әскери бөлімнен қашып кетті

Алматы облысында үйін сағынған сарбаз әскери бөлімнен қашып кетті

Қашып кеткен сарбаз екі күннен кейін Сарыөзек станциясында ұсталды.

Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Сарбаз тәртіптік жазаға тартылатын болады. Алматы облысында 18 жастағы әскери қызметші Дархан Мырзабаев Заречный кентіндегі 5574 әскери бөлімінен өз еркімен кетіп қалған. Екі күннен кейін оны әскери полиция ұстады. 

14 мамыр күні Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданынан шақырылған мерзімді қызметтегі әскери қызметші Дархан Мырзабаев бөлімнен рұқсатсыз кетіп қалады. Оны әскери бөлімнің жеке құрамы іздестіріп, өзара әрекеттегі органдарға да хабарланды. Жергілікті БАҚ Мырзабаев тамызда 19 жасқа толатынын жазды.

"Мырзабаев 16 мамырға қараған түні Сарыөзек станциясында ұсталды. Сарбаздың айтуынша, әскери бөлімнен кетуіне үйін сағынуы себеп болған. Қазір қатардағы жауынгер әскери бөлімге жеткізілді", - деп атап өтті ведомствода.

Қазіргі уақытта Мырзабаев Заречныйдағы әскери бөлімге оралды. Аталған факт бойынша қызметтік тергеу жүргізілуде. Оның қорытындысы бойынша қатардағы жауынгерге қатысты тәртіптік шара қолданылады, деп қосты Ұлттық гвардиядағылар.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде