{metadescription}
Батыс Қазақстанда екі адам қаза тауып, 39 жылқы қырылып қалды

Батыс Қазақстанда екі адам қаза тауып, 39 жылқы қырылып қалды

Қазіргі кезде өртенген көлік ішінен табылған екі адамның мәйітін анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Батыс Қазақстан облысында екі жүк көлігі бетпе-бет соғысуы салдарынан екі адам көз жұмып, 39 жылқы қырылып қалды. БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға 15 мамыр күні сағат 23.56-да Самара-Шымкент жолының 464-шақырымында Қаратөбе ауданы аумағында болған. Тіркемесіне 40 жылқы тиелген «КамАЗ» және бос келе жатқан Mersedes-Benz Actros (Түркия) жүк көліктері соқтығысып, түгелдей отқа оранды.

"40 жылқы тиелген тіркемесі бар КамАЗ мен түркиялық Mercedes-Benz Actros жүк көлігі бетпе-бет соқтығысқан соң өрт шыққан. Салдарынан тіркемеге тиелген 39 жылқы мен екі көлік те толық жанып кетті", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, өрт сөндірушілер көлге айналған көлік ішінен екі адамның мәйітін шығарған. Тағы бір адам түрлі жарақатпен Сырым ауданының орталық аймақтық ауруханасына жеткізілгенін мәлімдеді. Қазіргі кезде зардап шеккендердің жеке басын анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Мамандардың айтуынша, өрт 04.47-де толық сөндірілді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде