{metadescription}
Оқушыларға мектепке қандай заттарды әкелуге тыйым салынады

Оқушыларға мектепке қандай заттарды әкелуге тыйым салынады

Әкімшілік полиция комитетінің төрағасының айтуынша, тізім жылдың басында жасалып, оған қатысты бұйрық әділет министрлігіне жіберілді.

Ішкі істер министрлігі білім және ғылым министрлігімен бірге мектепке әкелуге тыйым салынған заттардың тізімін жасап шықты. Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашевтің айтуынша, тізім жылдың басында жасалды. Ал оған қатысты бұйрық әділет министрлігіне жіберілген болатын. Осы құжатты тіркеуге алу қажет. 

Оның атап өтуінше, мектепке алып келуге тыйым салынған заттардың тізіліміне қару-жарақ, пышақ, рогатка, кастеттер және соған ұқсас заттар кіреді.

"Сонымен қатар жарылғыш құрылғы имитаторын, аэрозольды бояуды, пиротехникалық заттарды және газ баллондарын алып келуге тыйым салынады", - деді Мұрат Баймұқашев.

Айта кетейік, комитет басшысы білім беру ұйымдарының көбісі лаңкестік жағынан осал нысандардың қатарына жатқызылғанын да жеткізді. Осыған орай, үкіметтің тиісті қаулысы қабылданды. Онда лаңкестікке қарсы қорғанысты ұйымдастыруға бойынша жаңа талаптар бекітіліп отыр. Бұрын осы талаптар ұсыныс ретінде ғана таратылып тұрған. Ендігі кезекте міндетті шара болып саналады. Олар:

  • бейнебақылау жүйесі;
  • ұжым мен келушілерді құлақтандыру құралдары;
  • дабыл түймешегі;
  • рұқсатпен кіру жүйесі;
  • арнайы күзет;

Осы талаптардың барлығы міндетті түрде орындалуы шарт. Бүгінде республика бойынша 408 мектепте арнайы күзет бар. Бірақ осы білім беру нысандарының барлығы ірі қалаларда орналасқан. Бұдан бөлек, 1 000-нан астам мектеп дабыл жүйесіне қосылса, 333 мектепте турникет орнатылған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.