{metadescription}
Жартастан түсе алмай қалған балаға құтқарушылар шақырылды

Жартастан түсе алмай қалған балаға құтқарушылар шақырылды

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында жартастан түсе алмай қалған бала құтқарылды.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Глубокое кентіндегі Алтынсарин көшесі маңындағы жартастардың арасында 12 жастағы бала жалғыз ойнап жүрген. Кенет ол өздігінен не биікке шыға алмай, не төменге түсуге батылы жетпей, сол маңайдан өтіп бара жатқан адамдардан көмек сұрап айғайлаған.

«Куәгерлер бірден құтқарушыларды шақырған. №23 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері арқанның көмегімен баланы алып шықты. Оған ешқандай жарақат келген жоқ», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, ТЖД мамандары ата-аналарға ешбір жағдайда балаларды жалғыз қалдырмауға, оларға даладағы қауіп-қатер жайлы түсіндіруге кеңес береді. Қандай да бір қиындық туындап жатса жедел «112» нөміріне хабарласу қажет, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.