{metadescription}
Қызылордада 5 адам мінген көлік каналға құлап кетті

Қызылордада 5 адам мінген көлік каналға құлап кетті

Қызылорда трассасында бес адам мінген көлік каналдағы суға құлап кетті.

Бір адам көз жұмды. Оқиға бүгін, 17 мамырда сағат 04.50 шамасында болды. Бес адам мінген «Skoda» көлігі «Қызылорда-Жезқазған» трассасы бойындағы каналға құлап кеткен.

«Облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне түскен аталған шақырту бойынша оқиға орнына жедел құтқару жасағының құтқарушылары дереу жетті. Автокөлік ішінде жүргізушіден бөлек, 4 жолаушы болғаны анықталды. Олар жедел жәрдем қызметі арқылы дәрігер қарауына жөнелтілді. Олардың денсаулығы қалыпты. Дәрігерлер тексеруінен өтті. Оқиға орнында 1961 жылы туған жолаушы көз жұмғаны белгілі болды. Құтқарушылар оның жансыз денесі мен автокөлікті сыртқа шығарып алды», - деп мәлім етті облыстық Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Дереккөз: ҚазАқпарат
 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде