{metadescription}
БҚО-да автокөлік жылқыға соғылып, 3 адам көз жұмды

БҚО-да автокөлік жылқыға соғылып, 3 адам көз жұмды

Батыс Қазақстан облысында автокөлік жылқыға соғылып, бір отбасының үш адамы қаза тапты.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға 16 мамыр күні сағат 22.30 шамасында Ақжайық ауданы аумағында болды. Орал-Атырау жолының 75-шақырымында Алғабас ауылы тұсында 1967 жылғы жүргізуші айдаған «ВАЗ-21113» автокөлігі екі жылқымен соғылған.

Жол апаты салдарынан салдарынан жүргізушіге қоса оның 85 жастағы анасы мен 13 жасар ұлы оқиға орнында көз жұмды. Мүрделер сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Сондай-ақ түрлі жарақат алған 61 және 50 жастағы әйелдер Ақжайық аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ауруханаға түскен екі адамның жағдайы орташа. Оқиға орнында ТЖ және полиция департаментінің қызметкерлері жұмыс жасады.

Дереккөз: ҚазАқпарат
 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде