{metadescription}
Алматыда вакцинадан көз жұмды делінген 2 адамға қатысты түсінік берілді

Алматыда вакцинадан көз жұмды делінген 2 адамға қатысты түсінік берілді

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Лаура Мырзағали онлайн брифингте «вакцинадан көз жұмған» делінген екі адам туралы айтты.

Лаура Мырзағали бұл фактілер бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын және кісі өлімінің нақты себебі вакцинациялау болды деп айтуға ерте деп жауап берді.

«Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеп- тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олар вакцинадан көз жұмды деп айтуға әлі ерте. Қорытынды осы жылдың маусым айында дайын болуы керек. Сол кезде себебін, айтатын боламыз», - деді ол.

Марқұмдардың бірі - 1979 жылғы Алматы қаласының тұрғыны Бақытжан Нұртазин, екіншісі - Алматы перзентханасының қызметкері екені белгілі.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде