{metadescription}
Алматы маңында жантүршігерлік жол апаты болды

Алматы маңында жантүршігерлік жол апаты болды

Алматы облысында кептелісте тұрған Mazda-ны екі жүк көлігі мыжып тастады.

Оқиға бүгін сағат 10:00 шамасында болды. Қарасай ауданының Жібек жолы-Елтай-Боралдай автожолында жеңіл автокөлік екі КамАЗ-дың ортасында қалған. Соққының салдарынан «Мазда-626» көлігінің сау-тамтығы қалмады. Көлік апатын Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі растады.

«HUALING» маркалы жүк көлігі кептеліс салдарынан арақашықтықты сақтамай «Мазда-626»-ға барып соғылған. Жеңіл автокөлік соққының салдарынан алдындағы «Volvo» жүк көлігіне созылған», - деді ведомствоның баспасөз қызметінен.

Жол апатынан жеңіл көліктің жүргізушісі зардап шекті. Оны дереу ауруханаға жеткізген. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде