{metadescription}
Алматы облысында 3 жасар қыз көліктен құлап кетті

Алматы облысында 3 жасар қыз көліктен құлап кетті

Алматы облысында 3 жастағы қыз бала жүріп бара жатқан көліктен құлап түсті.

Оқиға ағымдағы жылдың 17 мамырында сағат 10:00-де Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр кентінде орын алған. Бұл сәт келе жатқан өзге көліктің бейнежазбасына түсіп қалған. Видеода жеңіл көліктің бұрылып жатқан сәтінде есігі ашылып, баланың жолдың үстіне құлағанын көруге болады. Кішкентай қыз бала құлаған жерінен өзі тұрады. Осы сәтте анасы көліктен шығып, жүгіріп келіп, құшағына алады. Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі осы оқиға бойынша пікір білдірді.

«Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында «Hundai Elantra» көлігінен кішкентай баланың көліктен құлаған фактісі анықталды. Жедел іздестіру кезінде көліктің иесі 32 жастағы әйел екені анықталды. Ол — үш жастағы баланың анасы. Кішкентай қыз оқиға болған сәтте көліктің артында арнайы қорғанатын белдіксіз отырған. Бүлдіршін зардап шеккен жоқ», - деді Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінен.

«Hundai Elantra» автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік іс қозғалды. Баланың анасымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.