{metadescription}
Вакцина салдырған адам қандай жағдайда инфекция жұқтыруы мүмкін

Вакцина салдырған адам қандай жағдайда инфекция жұқтыруы мүмкін

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары міндетін уақытша атқарушы Лаура Мырзағали коронавирусқа қарсы вакцина салдырған адамның қандай жағдайда инфекция жұқтыруы мүмкін екенін айтты.

"Спутник V" вакцинасының екі компонентін салдырғаннан кейін бір ай адамның ағзасында толық иммунитет қалыптасады. Вакцина алып алғаннан кейін, масканы шешіп, эпидемиологиялық талаптарды сақтамаса, адам ауырып қалуы мүмкін. Алайда вакцина салдырған адам аурудың жеңіл түріне шалдығады. Әр ағза әртүрлі болады. Вакцина алғаннан кейін жан-жағымызда коллективті иммунитет қалыптаспаса, қайтадан ауырып қалу қаупі бар. Бұл – заңдылық", - деді Мырзағали.

Айтуынша, вакцина салдырған адамды коронавирусқа қарсы емдеуге қатысты жаңа хаттама жоқ. Коронавирус инфекциясын жұқтырған науқасты емдеу әдісі бойынша ем қабылдайды.

Дереккөз: Sputnik

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде