{metadescription}
Шахтинскіде жұмбақ жағдайда жоғалған екі баланың анасы түнде үйге кіріп келді

Шахтинскіде жұмбақ жағдайда жоғалған екі баланың анасы түнде үйге кіріп келді

Қарағанды облыстық полиция департаменті барлық мән-жайды анықтағаннан кейін қосымша ақпарат беруге уәде берді.

Шахтинск қаласында үш күн бұрын жоғалған екі баланың анасы табылды. Бұған дейін ekaraganda.kz сайты 24 жастағы Ақжарқын Қайдырованың жоғалғанын жазған болатын. Оның күйеуі Нұртас Қайдыров алдымен полицияға арыз түсіріп, одан кейін жергілікті БАҚ арқылы келіншегіне іздеу салған. 15 мамырда Ақжарқын әкесінің үйін жинаймын деп, Шахтинск қаласындағы 26-орамға барған. Үйді жинап болғасын дүкенге кіреді. Оны куәгерлер де көрген. Бірақ азық-түлік алғаннан кейін ізім-ғайым жоғалған.

"Ол әкесінің үйінен шамамен сағат 16:30-да шыққан. Оған үш сағат бойы телефон шалдым. Бірақ ешкім жауап берген жоқ. Артынан телефон өшіп қалды. Бұған дейін үйден шықса, үнемін ескертіп отыратын. Құрбыларымен кездессе де, басқа бір шаруалары шықса да, міндетті түрде айтатын. Ол – өте жауапты адам. Екі баласын тастап кете алмайды", - деді Нұртас Қайдыров.

Қарағанды облыстық полиция департаменті келіншектің табылғанын хабарлады, деп хабарлайды Sputnik.

"Бүгін түнде ол үйіне өзі келді. Қазір жауап алып жатырмыз. Барлық мән-жайды анықтағаннан кейін қосымша ақпарат таратамыз", - дейді полицейлер.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

18 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде