{metadescription}
Алматыда көшенің ортасында асфальт опырылды

Алматыда көшенің ортасында асфальт опырылды

Алматының Төле Би көшесінде асфальт опырылып, жолда үлкен шұңқыр пайда болды.

Оқыс оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде таралған. Қалалық әкімдік бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Төле би - Өтеген батыр көшелерінің қиылысында асфальт опырылып, үлкен шұңқыр пайда болды. Қазір «Алматы Су» компаниясы қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Содан кейін асфальт төселеді», - деп хабарлады Алматы қаласының Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасынан.

Өз кезегінде «Алматы Су» кәсіпорны асфальт кешке дейін қалпына келтірілетінін атап өтті.

«Бүгін кешкі сағат 22-ге қарай Төле би мен Өтеген батыр көшелерінің қиылысындағы жол қалпына келтіріледі. Алдын ала зерттеу деректері бойынша диаметрі 2 метрге жуық шұңқыр көше қиылысының астынан өтетін қалалық коллекторлық секция D -1000 мм еден плитасының бұзылуына байланысты пайда болды», - деп толықтырды «Алматы Су» ММ.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

18 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде