{metadescription}
Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы: вакцина алғандарға қағаз құжат беріледі

Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы: вакцина алғандарға қағаз құжат беріледі

Бас мемлекеттік санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты.

COVID-19 вакцинасын алған адамдарға 1 маусымнан бастап анықтамалар беріледі. Құжатқа сәйкес коронавирус инфекциясына қарсы вакциналауға жұмылдырылған медициналық ұйымдар:

  • 2021 жылдың 1 маусымынан бастап қазақстандықтардың талабы бойынша қағаз түрінде вакциналау туралы анықтама береді;
  • 1 маусымнан бастап шетелдіктердің талабы бойынша Қазақстанда жүргізілген КВИ-ге қарсы вакциналау туралы қағаз анықтама береді;
  • мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі адамдарға үйіне барып, КВИ-ге қарсы вакциналау жүргізуді ұйымдастырады. 
  •  сонымен қатар, растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда (2021 жылдың 1 шілдесінен бастап) медициналық мекемелер шетелде екпе алған Қазақстан азаматтарының КВИ-ге қарсы вакциналануы туралы мәліметті "Вакциналау" модуліне енгізеді;
  • білім министрлігі растайтын ақпаратты ұсынған жағдайда клиникалық сынақтар аясында QazCovid-in (QazVac) вакцинасын алған қазақстандықтардың КВИ-ге қарсы вакциналануы туралы мәліметті модульге енгізеді;
  • сонымен қатар білім министрлігі растайтын ақпарат ұсынған жағдайда биологиялық қауіпсіздік проблемалары жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының QazVac вакцинасын алған қызметкерлерінің КВИ-ге қарсы вакциналануы туралы ақпаратты модульге енгізеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.