3 жастан асқан балаларға вакцина салуға рұқсат берді
Қытай билігі балалар мен жасөспірімдерге Sinovac (CoronaVac) вакцинасын салуға рұқсат берді.
20:06 07.06.2021
Енді Sinovac Biotech компаниясының COVID-19-ға қарсы вакцинасы 3 пен 17 жас аралығындағы балаларды вакцинациялау үшін қолданылады. Бұл туралы Мемлекеттік теледидар эфирінде өндіруші фармкомпанияның басшысы Инь Вайдун хабарлады.
“I және II фазалардың клиникалық сынақтарының алдын-ала нәтижелері вакцинаның 3 жастан 17 жасқа дейінгі балаларда иммундық реакция тудыратынын көрсетті”, - дейді Инь Вайдун.
Бұл жағдайда жағымсыз реакциялардың көпшілігі жеңіл болған. Сондай-ақ, ол кәмелетке толмағандардың егде жастағы адамдарға қарағанда коронавирусқа қарсы вакцинацияға сұранысы төмен екенін атап өтті. Айта кетейік, қазіргі уақытта әлемнің өзге елдері сияқты Қытайда да 18 жастан асқан адамдарға жаппай вакцинация жүргізілуде.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!