{metadescription}
ШҚО шекарасына қойылған санитарлық бекеттер алынды

ШҚО шекарасына қойылған санитарлық бекеттер алынды

Шығыс Қазақстан облысы шекарасына қойылған санитарлық бекеттер алынды. 

ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Онда жазылғандай, өңір шекарасына қойылған санитарлық бекеттердің жұмысы тоқтатылды. 

«11 маусымнан бастап Шығыс Қазақстан облысының сыртқы шекараларына кіріп-шығуды бақылау үшін Алматы, Қарағанды облыстары жағынан қойылған санитарлық бекеттер алынды. Ал Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы автоөтпе жолдарына «Ауыл», «Уба», «Бақты» және «Майқапшағай» өткізу пункттерінде кіріп-шығуды бақылайтын 4 санитарлық бекеттің жұмысы ары қарай жалғасады», - делінген құжатта.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде