{metadescription}
Қазақстандық полицейлер енді аяғына кроссовка киеді

Қазақстандық полицейлер енді аяғына кроссовка киеді

Жыл соңына қарай көшеде жүретін учаскелік инспекторлар мен патрульдік полицейлер форма ауыстырады.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қазақстандық полицияның жаңа формасы туралы айтты. 

"Жыл соңында көшеде қызмет көрсететін патрульдік полиция мен учаскелік инспекторлардың формасын ауыстырамыз. Форма қазірдің өзінде мақұлдаудан өтті, ол көшеде қызмет етуге өте ыңғайлы. Жаңа элемент – кроссовка, бәтеңкелер түріндегі аяқ киім енгізіледі, бұл полицейлер үшін өте қажет, себебі олар – жаяу патрульдер, халықпен тікелей жұмыс істейтін жедел қызметшілер", - деп жауап берді Ерлан Тұрғымбаев тілшілердің сұрағына.

Сондай-ақ Тұрғымбаев патрульдік полицияның жаңа формасында түнгі уақытта алыстан көріну үшін жарық шағылыстыратын элементтер көбейетінін атап өтті. Айтуынша, полиция формасына қосымша ақша талап етілмейді. Бәрі бұған дейін көзделген қаржыландыру аясында жүзеге асады.

"Кезең-кезеңмен екі жыл бойы бүкіл қазақстандық полицияға жаңа форма кигіземіз", - деді ол.

Былтыр күзде ішкі істер министрлігі президентке полицейлердің жаңа формасын таныстырғаны хабарланды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.