{metadescription}
Хабиб Нурмагомедов Алматыға келеді

Хабиб Нурмагомедов Алматыға келеді

UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Алматыға келеді.

Ол аралас жекпе-жектен өтетін халықаралық турнирдің қонағы болады. Іс-шара 18 маусымда «Almaty Arena» кешенінде өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде Шамиль Зовуров бразилиялық Рикардо Тирлониге қарсы шығады. Сонымен қатар, кешке бірнеше мемлекеттің спортшылары қатысады. Оның ішінде қазақстандықтар да бар.

Хабиб Нурмагомедов – ресейдің аралас жекпе-жек спортшысы, жеңіл салмақтағы UFC экс- чемпионы. Кәсіби деңгейде ол 29 жекпе-жек өткізіп, барлық қарсыластарынан басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 2020 жылдың 24 қазанында жеңіл салмақта UFC ұйымының чемпионы Хабиб Нурмагомедов Әбу-Даби қаласында 254 турнирінде америкалық Джастин Гэтжиді жеңгеннен кейін карьерасын аяқтағаны туралы мәлім еткен болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.