{metadescription}
Қазақстанда демалыс күндері күн суық болады

Қазақстанда демалыс күндері күн суық болады

11-13 маусымға арналған ауа райы болжамы жарияланды.

Синоптиктер демалыс күндері ел аумағында ауа райының салқындайтынын айтты. 

“Жылы және құрғақ ауа массалары Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде жауын-шашынсыз ыстық ауа райының қалыптасуына ықпал етті. Алайда Скандинавия аймақтарынан келетін суық антициклонның әсерінен, елдің солтүстік жартысында ғана емес, оңтүстік облыстарда да ауа температурасы төмендейді”, – деп мәлімдеді синоптиктер. 

Еліміздің кейбір аймақтарында жаңбыр жауады деп күтілуде. 

“Егер оңтүстікте ауа температурасы аздап төмендесе, оңтүстік-шығыста термометр бағандары түнде 5-13°С-қа дейін, күндіз 20-28°С-қа дейін төмендейді. Атмосфералық фронттардың өтуі әсерінен еліміздің кей жерлерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, 12-13 маусымда оңтүстіктің, оңтүстік-шығыс пен шығыстың таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады, жекелеген аудандарда дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін”, – дейді синоптиктер. 

Дереккөз: Қазгидромет

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.