{metadescription}
Спортпен айналыспай-ақ 70 келі салмақ тастаған келіншек арықтаудың сырын айтты

Спортпен айналыспай-ақ 70 келі салмақ тастаған келіншек арықтаудың сырын айтты

Англияның Хейшам қаласының тұрғыны өзінің суретін көргеннен кейін 70 келі салмақ тастаған.

33 жастағы Николь Маккун саябақтағы үлкен маймылдың жанында түскен суретін көріп, өзінің маймылдан әлдеқайда үлкен екеніне көзі жеткен. Фотодағы өзінің бейнесіне таң қалған әйел, келбетін түбегейлі өзгертуге шешім қабылдапты. Ол кезде Никольдің салмағы 152 келі болатын. Оған қоса, келіншек 39 жасында инсульттан қайтыс болған туысының тағдырын қайталағысы келмегенін айтады. 

Әйел ешқандай жаттығу жасамай-ақ арықтаған. Ол рационынан зиянды тамақтар, газдалған сусындар мен тәттілерді алып тастаған. Ол күнделікті йогурт пен жеміс-жидек жеп, диеталық көжелер ғана ішкен. Бір жылға жетер-жетпес уақытта әйел 70 келі салмақ тастады. Біраз уақыттан кейін ойын-сауық саябағына оралған ол өзінің өзгергенін суретке түсіріп, жетістігіне тамсанды. 

Дереккөз: stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.