{metadescription}
14 жасар мектеп оқушысы бәс үшін мұғалімін азғындаған

14 жасар мектеп оқушысы бәс үшін мұғалімін азғындаған

Ресейде Красноярск өлкесіндегі бір ауылда 14 жасар мектеп оқушысы бәс үшін мұғалімін азғындаған.

Былтыр жасөспірім сыныптағы басқа оқушылармен 27 жастағы орыс тілі мұғалімін азғырамын деп 1000 рубльге (шамамен 6 мың теңге) бәс тігеді. Осы уақыт ішінде жасөспірім мұғалімнің назарын өзіне аударуға тырысады – мектеп іс-шараларына қатысып, көзге түсті.

Нәтижесінде оқушы мұғаліммен дос болады, содан кейін жігіт достарына ғашық болып қалғанын айтып, бәстің күшін жояды. Оқушы мен мұғалім жақын араласып болып, тіпті жыныстық қатынасқа түскен. Көп ұзамай бүкіл ауыл олардың қарым-қатынасы туралы біледі. Оның ішінде мұғалімнің әріптестері және оның азаматтық күйеуі де бар. Ер адам тіпті мәселенің ақ-қарасын анықтау үшін мектепке барады. Айта кетейік, заңды некесі болмаса да, жұптың бір қызы бар.

Ақыр соңында, мұғалімнің өзі полицияға келіп, оқушымен байланысы туралы мәлімдейді. Осыдан кейін ауылдан Красноярскіге кетіп қалады. Мұғалімге қарсы қылмыстық іс қозғалды ма, жоқ па әлі белгісіз. Заңгер мұғалімнің шартты мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін айтады. Оған қоса соттан кейін әйелге балалармен ұзақ уақыт жұмыс істеуге тыйым салынады.

Дереккөз: Stan.kz      

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.