{metadescription}
Дәрігер адамның даусы қандай қауіпті аурудан хабар беретінін айтты

Дәрігер адамның даусы қандай қауіпті аурудан хабар беретінін айтты

Британиялық дәрігер Жан-Пьер Жиннон Express басылымына берген сұхбатында адамның даусынан онкологиялық ауруды қалай анықтауға болатынын айтты.

Оның сөзінше, дауыстың еш себепсіз қарлығуы қалқанша бездің қатерлі ісігінен хабар береді. Маман мұндай жағдайды елемеуге болмайтынын атап өтті.

"Егер ол үш аптадан кейін кетпесе, міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз", - деп кеңес берді Жиннон.

Десе де ол кәдімгі бактериалды инфекция да қарлығуға әкеп соғуы мүмкін екенін ескертті. Бұған қоса, Жиннон көмекейдің жанында ісіктің пайда болуы, мойындағы іскен лимфатүйіндер, жұтынудың, тыныс алудың қиындауы секілді белгілерге назар аударуға шақырды. Олардың әрбірі қалқанша без қатерлі ісігінің симптомдары болуы мүмкін, деді дәрігер.

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.