{metadescription}
Шардарада балықшылар қорықшыны ұрып соққан

Шардарада балықшылар қорықшыны ұрып соққан

Жергілікті тұрғындар Шардара су қоймасында балық аулаған.

Түркістан облысында Шардара су қоймасында қорықшыларға қарсылық көрсеткен алты браконьер ұсталды. Сайттың хабарлауынша, балықшылар заңсыз балық аулап жүрген. Бұл кезде оларды қорықшылар байқап қалады.  Оларды ұстау кезінде тұрғындар су қорықшыларына қарсылық көрсетіп, төбелескен.

Салдарынан инспекторлардың бірі жарақат алды. Ол Жетісай облыстық ауруханасына жеткізілді. Заңсыз балық аулаған және қорықшыларға шабуыл жасаған күдіктілер екі тәуліктен кейін көршілес Мақтаарал ауданынан 120 шақырым жерде ұсталды. Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК 380-бабы "Билік өкіліне қатысты күш қолдану" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Дереккөз: stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде