{metadescription}
Алматыда полицей қызметтік көлігімен әйелді қағып кетті

Алматыда полицей қызметтік көлігімен әйелді қағып кетті

Қалалық полиция департаменті жаяу жүргіншіні полиция көлігімен қағып кету фактісі бойынша тергеу шараларын бастады.

Алматыда әйелді полиция көлігі қағып кетті, ол оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі кезде тергеу жүріп жатыр. Алматы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты бүгін таңғы сағат 7:00-де Алатау ауданында болған.

“Т.есімді азамат "Хюндай элантра" маркалы қызметтік көлігін басқарып, Өтемісұлы көшесімен оңтүстік бағытта жүріп келе жатқан. 

Кенеттен маневр жасай бастаған көлікпен соқтығысуды болдырмау үшін, Т.есімді азамат автокөлік жуу орнының шығыс жағына қарай шығып кетті, сол жерде жаяу жүргіншіні - С.есімді азаматты қағып кетті, сондай-ақ, жүргізушісі көлігінен тыс жерде тұрған "Газель" автокөлігін соқты.  Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші қайтыс болды.  Аталған факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 345 бабы, 3 бөлімі бойынша тіркелді”, – деді полиция департаментінде.

Жол апатынан зардап шеккен жаяу жүргінші жедел жәрдем келгенше оқиға орнында қайтыс болды. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-тармағы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы абайсызда адам өліміне әкеп соғуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Полицейдің кінәсі дәлелденсе, бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде