{metadescription}
Таразда 12 жасар жеткіншек ата-анасына ренжіп, үйінен кетіп қалған

Таразда 12 жасар жеткіншек ата-анасына ренжіп, үйінен кетіп қалған

Ол тек екі күннен кейін ғана табылды. 

Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 11 маусымда шамамен 22: 30-да Тараз қаласының полиция бөліміне 33 жастағы жергілікті тұрғын көмек сұрап жүгініп, 12 жасар ұлының жоғалғаны туралы мәлімдеген.

"Анасының айтуынша, баласы түнгі сағат екі шамасында үйден шығып, қайтып оралмаған. Аталған хабарлама бойынша жедел-іздестіру іс-шараларына "Дабыл" сигналы бойынша Жамбыл облысы полиция департаментінің барлық жеке құрамы тартылды. Жасөспірімді іздеуге 30-ға жуық волонтер қосылды", - деді құқық қорғау ведомствосы.

Бала екі күннен кейін қаланың ықшамаудандарының бірінен табылды, полиция оны ата-анасына аман-есен қайтарып берді. Жасөспірім анасына ренжіп, үйге оралмауға бел буып, қалада мақсатсыз кезіп жүрген болып шықты.

“Табылған баланың ата-аналары полицейлерге көрсеткен көмегі мен жедел жұмысы үшін алғысын білдірді, - деп хабарлады Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Дереккөз: stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде