{metadescription}
Қазақстанда мектеп оқушыларының каникул уақыты қысқартылады

Қазақстанда мектеп оқушыларының каникул уақыты қысқартылады

Қазақстанда жаңа оқу жылы дәстүрлі түрде бірінші қыркүйекте басталды.

Оқу жылында қосымша демалыс бірінші сынып оқушыларына беріледі. Қазақстанның білім және ғылым министрлігі 2021-2022 оқу жылында мектеп оқушыларының демалыс күндері көрсетілген бұйрық жобасын Ашық НҚА порталында жариялады.

“Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында 2021 - 2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникулы кезеңдерінің мынадай мерзімдері айқындалсын”, – делінген құжатта. 

2021 - 2022 оқу жылының басталуы - 2021 жылғы 1 қыркүйек. Оқу жылының ұзақтығы бірінші сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12) сыныптарда – 34 оқу аптасы. Мейрам күндеріне түскен сабақтар оқу бағдарламасы мазмұнының интеграциялануын ескере отырып, қайталауға бөлінген сағат есебінен келесі жұмыс күндеріне ауыстырылады.

Оқу жылы ішіндегі 1-11 (12) сыныптардағы демалыс кезеңдері:

  • күзгі демалыс – 7 күн (2021 жылдың 25-31 қазан аралығы);
  • қысқы демалыс – 11 күн (2021 жылдың 31 желтоқсаны мен 2022 жылдың 10 қаңтар аралығы);
  • көктемгі демалыс – 11 күн (2022 жылдың 21-31 наурыз аралығы);
  • бірінші сыныптардағы қосымша демалыс – 7 күн (2022 жылдың 7-13 ақпан аралығы).

2021-2022 оқу жылындағы жазғы демалыс 26 мамырдан 1 қыркүйекке дейін созылады. Қоғамдық талқылау мерзімі 28 маусымға дейін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде