{metadescription}
Нұр-Сұлтанда теміржол вокзалына кіру тәртібі өзгереді

Нұр-Сұлтанда теміржол вокзалына кіру тәртібі өзгереді

"Нұрлы жол" вокзалына Ashyq қосымшасы арқылы ғана кіргізеді.

Жолаушы билет сатып алса да, "қызыл" және "сары" статус шыққан жағдайда пойызға жіберілмейді. Коронавирустың таралу қаупін төмендету мақсатында "Нұрлы жол" вокзалында жаңа шектеулер енгізіледі. 17 маусымнан бастап жолаушыларды тек Ashyq қосымшасы арқылы ғана кіргізеді, деп хабарлайды Sputnik.

Ведомствоаралық комиссия таратқан мәліметке сәйкес, вокзалдың барлық кіреберісінде QR-код орнатылады. Оны Ashyq, Kaspi.kz, Homebank мен Aitu қосымшалары арқылы сканерден өткізіп, жеке статусты анықтауға болады.

"Егер жолаушыда қосымша болмаса, онда вокзал қызметкеріне ЖСН-ды айту керек. Ол Ashyq қосымшасы арқылы адамның статусын өзі көреді. Шетелдіктердің статусы да төлқұжаттың нөмірімен тексеріледі. Ал 18 жасқа толмаған балалар тексерістен өтпейді", - дейді мамандар.

"Қызыл" және "сары" статусы шыққан жолаушылар вокзалға кіре алмайды. Осыған байланысты мамандар ashyq.kz бейтарап QR-код арқылы жеке статусты тексеріп алуға кеңес беріп отыр.

Айта кетейік, Ashyq қосымшасы карантин жағдайында кәсіпкерлік нысандардың жұмысын ары қарай жүргізу үшін жасалған болатын.

Негізгі мақсат – вирустың таралмауына жол бермеу. Қосымшада төрт статус бар. Олар:  

  • жасыл  – ПТР-тест тапсырған және теріс нәтижесі бар адам;
  • көк – ПТР-тесті жоқ, вирус жұқтырғандармен байланыста болмағандар;
  • сары – науқаспен байланыста болған адам;
  • қызыл – ПТР-тест оң нәтиже шыққан адам.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде