{metadescription}
Қазақстанның вакцина паспорты қай елдерге жарамды

Қазақстанның вакцина паспорты қай елдерге жарамды

Қазіргі таңда Қазақстанның вакцина паспорты үш елге турист ретінде кіруге жарамды.

Бұл туралы Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты.

«Жалпы қазір көптеген елдер ПТР-тестпен қатар вакцинация паспортымен де туристерді қабылдайды. Біздің Денсаулық сақтау министрлігі қазіргі кезде басқа елдердің үкіметімен тиісті келіссөз жүргізіп жатыр. Мысалы, бүгінде Моңғолия, Таиланд және Мажарстан туристерді біздің вакцинация паспортымен кіргізе береді. Осындай елдердің санын көбейту үшін жұмыс жүргізіліп жатыр», - дейді Дастан Рыспеков.

Сондай-ақ, ол Мальдив аралдарының билігімен де қазақстандық вакцина паспорты бар туристерді қабылдау бойынша келіссөз жүріп жатқанын жеткізді.

«Қазір Мальдив аралдарына бару үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына міндетті түрде ПТР-тест қажет. Мальдив аралдарының үкіметімен біздің вакцина паспортын қабылдау бойынша мәселелер шешіліп жатыр. Шешілгеннен кейін ПТР-тестсіз-ақ, вакцина паспортымен кіруге мүмкіндік болады», - деді комитет басшысы.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде