{metadescription}
Жарыс кезінде автокөлік бір топ адамды қағып кетті

Жарыс кезінде автокөлік бір топ адамды қағып кетті

АҚШ-тың Техас штатында жарыс кезінде бір топ адамды көлік қағып кетті.

Эль-Пасо округының ипподромында балшықпен жүретін көліктер жарысы ұйымдастырылған болатын. Дәл сол кезде бір автокөлік өз жолағынан шығып кетіп, тосқауылдың арғы жағында тұрған бір топ адамға соғылған.

"Алдын ала тергеуге сәйкес, көліктердің бірі белгісіз себептерге байланысты балшық жолағынан шығып кетіп, тосқауылды бұзып өтті. Басқа үш көлік те бұзылды", - делінген ресми хабарламада. 

Жол апатынан 29 адам жарақат алды. Үшеуі ауруханаға түсті, жағдайы ауыр.  

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде