{metadescription}
Оралда мас полицeй жол апатына ұшырады

Оралда мас полицeй жол апатына ұшырады

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға 13 маусым күні сағат 02.39-да М.Шолохов пен Ғ.Құрманғалиев көшелерінің қиылысында болды.

Абай полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы «Фольксваген Пассат» көлігімен арақашықтықты сақтамай, алда кетіп бара жатқан, 33 жастағы әйел жүргізген «Ауди А4» автокөлігімен соқтығысуға жол берген.

«Екі жүргізуші де медициналық куәландыруға жіберілді. Сараптама қорытындысына сәйкес жүргізуші әйел айық, полиция қызметкері жеңіл дәрежелі мас күйінде болған», - деді Б.Белгібеков.

Б.Белгібековтің сөзіне қарағанда, полиция қызметкері 12 маусым күні кешкісін үйінде аздаған мөлшерде спирттік ішімдік ішкенін, сосын ұйықтауға жатқанын айтқан. Бірақ сағат 02.15-те жұмысқа шақыртқаннан кейін автокөлік руліне отырған.

«Полиция қызметкерін шынында да жұмысқа шақыртқаны анықталды. Қазіргі кезде оған қатысты қызметтік тексеру жүргізілуде. Соның қорытындысына сәйкес ең қатаң шара алынатын болады», - деді Б.Белгібеков.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде