Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Жанармай бекетінде жойқын жарылыс болды
Соңғы мәлімет бойынша, өрт салдарынан 21 адам зардап шекті, олардың сегізінің жағдайы ауыр.
09:00 15.06.2021
Ресейдің Новосибирск қаласындағы жанармай бекетінде өрт шығып, резервуарлар жарылды. Бұл туралы РИА Новости төтенше жағдайлар қызметіне сілтеме жасап хабарлады. Өрт орнында жарылыс болды, соған байланысты құтқарушылар қауіпсіз қашықтықта жұмыс істеді.
Облыстық денсаулық сақтау министрлігінің өкілі төтенше жағдай салдарынан 21 адам зардап шеккенін, олардың сегізінің жағдайы ауыр екенін айтты. Мәскеу уақытымен сағат 15:56-да өрт 1,2 мың шаршы метр аумақта оқшауланды, сағат 17.03-те ашық жалын сөндірілді, деп хабарлады Ресей төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Дереккөз: sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram