{metadescription}
Автокөлік жүргізушінің көз алдында жер астына түсіп кетті

Автокөлік жүргізушінің көз алдында жер астына түсіп кетті

Үндістанның Мумбаи қаласында нөсер жауынның салдарынан автокөлік жер астына түсіп кетті.

Жердің көлікті "жұтып қойған" сәті әлеуметтік желілерде тарады. India Today басылымының ақпаратынша, оқиға Мумбаидың Гаткопар ауданында болды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, автотұрақ орнында бұрын тереңдігі 15 метрлік құдық орналасқан. Қала билігі көлік тұрағын жасау үшін жүз жыл тұрған құдыққа бетон құйған. Алайда бір апта бұрын басталған нөсер жауын оны шайып кеткенге ұқсайды. Автокөлік иесі Панкадж Мехта темір тұлпарының санаулы секундта суға кеткен сәтін видеоға түсіріп үлгерген. Ролик желіде кеңінен тарап кетті.

"Балалар көлік жер астына түсіп барады деп айғалай бастады. Мен бірден төменге жүгірдім. Көлік жартылай суға кеткен, сол кезде бірден камераны қостым. Қолымнан ештеңе келмеді, автокөлік көз алдымда суға батып кетті", - дейді Мехта.

Оқиға орнына жеткен полицейлер мен өрт сөндірушілер көлікті құдықтан кранның көмегімен 12 сағаттан кейін алып шықты. ТЖ кезінде зардап шеккендер жоқ.

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.