{metadescription}
Коронавирусқа қарсы вакцина жыл сайын салынуы ықтимал

Коронавирусқа қарсы вакцина жыл сайын салынуы ықтимал

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы вакцинаны салу жиілігі туралы айтып берді.

Министрдің мәліметінше, өндірушілер әлі вакцинаның қанша уақытқа дейін әсер ететінін білмейді. Цой алдағы уақытта вакцина маусым сайын салынуы ықтимал екенін айтты. 

“Қазіргі таңда өндірушілер вакцинаның салу жиілігін анықтауда. Біз вакцинаны ақпан айынан бастап салып жатырмыз. Осы уақытқа дейін салған вакциналар қайта вакцинациялауды талап етпейді. Өндірушілер вакцина жиілігін нақтылағаннан кейін коронавирусқа қарсы вакцина тұмауға қарсы вакцина сияқты маусымдық болуы мүмкін. Егер коронавирустан құтылсақ, тіпті вакцина салу мүлдем керек болмауы мүмкін”, – дейді Цой. 

Дереккөз: Stan.kz      

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде