{metadescription}
БҚО-да жол апатынан 4 адам жансақтау бөліміне түсті

БҚО-да жол апатынан 4 адам жансақтау бөліміне түсті

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан кейін 4 адам жансақтау бөліміне түсті.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 16 маусым күні шамамен сағат 13.13-те Бөрлі-Ақсай-Жымпиты жолының 27-шақырымында болды.

«ВАЗ-21103» автокөлігінің 1994 жылғы жүргізушісі қиылыста бұрылу кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, 1984 жылғы жүргізуші айдап бара жатқан «Шаран» автокөлігімен соқтығысуға жол берген. Автокөліктерде 8 адам болған, соның екеуі – кәмелетке толмағандар.

«ВАЗ-21103» автокөлігінде отырған төрт жолаушы жансақтау бөліміне жатқызылды. Соның біреуі – бір жасқа толмаған сәби. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде