{metadescription}
Коронавирус пен пневмониядан 9 адам көз жұмды

Коронавирус пен пневмониядан 9 адам көз жұмды

Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте індеттен қайтыс болған адамдардың санын жариялады.

Өткен тәулікте коронавирустан 8 адам, "ковидтік" пневмониядан 1 адам көз жұмды.

18 маусымдағы мәлімет бойынша республикада 20 899 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Оның ішінде 6 403 пациент стационарда, 14 496 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 442 адамның жағдайы ауыр,
  • 106 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 72 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Пандемия басталғалы 406 383 адам коронавирус жұқтырды, 4 211-і қайтыс болды.

18 маусымдағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат

"16.06.2021ж. коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 79 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 42 адам емделіп шықты", - делінген хабарламада.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 56412, 967 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 51803 жетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде