{metadescription}
Ақсуда жас жігіт хайп үшін ақылға қонбайтын әрекет жасады

Ақсуда жас жігіт хайп үшін ақылға қонбайтын әрекет жасады

Хайп жасау мақсатында автобустың үстіне шыққан жас жігіт енді бұл қылығы үшін айыппұл төлейді немесе он тәулікке қамауға алынады.

Павлодар облысының Ақсу қаласында Instagram желісіне әсерлі видео жүктеу үшін қауіпті трюк жасауға шешім қабылдаған 18 жастағы жігіт әкімшілік жауапкершіліке тартылатын болды. Алайда оның бұл әрекеті тәртіп сақшыларының назарын аударды.

Полиция қызметкерлері анықтағандай, 17 маусымда күндізгі сағат бір шамасында жас жігіт жүріп бара жатқан автобустың төбесіне шығып, осы әрекетін видеоға түсірген және балағат сөздер қолданған.

"Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік іс қозғалып, шара қолдану үшін метариалдар сотқа жолданды", - деп хабарлады Павлодар облысы Ақсу қалалық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің басшысы Арман Рахметов.

Осы бап бойынша кінәлі азамат 5 АЕК (14 мың 585 теңге немесе 34 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл төлейді немесе он тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады. Құқық қорғаушылар жас жігіт мұндай әрекетке әлеуметтік желідегі хайп үшін барғанын айтты.

Дереккөз: sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде