{metadescription}
СҚО-да жоғалған ер адамның денесі төрт күннен кейін Есілден табылды

СҚО-да жоғалған ер адамның денесі төрт күннен кейін Есілден табылды

Солтүстік Қазақстан облысында жоғалған 69 жастағы ер адамның денесі Есіл өзенінен табылды.

СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Есіл ауданы Бірлік ауылының 1952 жылы туған тұрғынын құтқарушылар 15-17 маусым аралығында Есіл өзенінен іздеді. Мамандар 44 шақырымды қарап шықты. Іздеу жұмыстары кезінде ауылдан екі шақырымдай жерде Ильинка елді мекені бағытында ер адамның көлігі табылды. Сондай-ақ Есіл жағасында адамның жүрген іздері анықталды. Із өзенге кіріп жоғалған.

17 маусым күні сағат 12.58-де департаменттің іздеу тобы ер адамның денесін тапты. Үстінде киімі болған. Ағыс оны ауылдан 6 шақырымға алып кеткен. Марқұмның неден қайтқаны анықталады, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұған дейін СҚО Есіл ауданы Бірлік ауылының 1952 жылы туған тұрғынының белгісіз жағдайде Есіл өзенінің маңында жоғалғанын айтқан едік.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде