{metadescription}
Балаларды зорлағандар мен өлтіргендерді көпшілік алдында өлім жазасына кесті

Балаларды зорлағандар мен өлтіргендерді көпшілік алдында өлім жазасына кесті

Хуситтік көтерілісшілер балаларды өлтірген үш ер адамды көпшілік алдында өлім жазасына кесті.

Жаза Йеменде орындалды. Сотталушыларды алаңның ортасындағы кілемдерге ішімен жатқызып, әрқайсысының арқасынан атты. Мәйіттерді кілемге орап, содан кейін арнайы сөмкелерге салып, алып кетті. Бұл кезде әскерилер мен полициядан басқа куәгерлер болды, олардың көпшілігі оқиғаны телефонға түсіріп алды.

Өлім жазасына кесілгендердің бірі әйелімен ұрысқаннан кейін өз қыздарын суға батырғаны үшін кінәлі деп танылды, қалған екеуі 8 жасар баланы зорлап, өлтірген. Бұл хуситтер территориясындағы 2018 жылдан бергі көпшілік алдындағы алғашқы өлім. Ол кезде де балаларды өлтіріп, зорлаған  үш ер адамды дарға асты.

Дереккөз: stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде