{metadescription}
Ақтөбеде жол апатынан үш адам ауруханаға түсті

Ақтөбеде жол апатынан үш адам ауруханаға түсті

Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, үш адам ауруханаға түсті.

Оның біреуі төрт жасар бала. «Тойота Alpard» автокөлігінің 63 жастағы жүргізушісі Хромтау қаласынан Дөң ауылына бағыт алып, алдында келе жатқан «Nissan Europe» автокөлігін басып озбақ болады. Бірақ маневр жасау туралы белгі бермей және алдындағы көліктің жол бергеніне көз жеткізбегендіктен екі көлік соқтығысты.

«Жол апаты салдарынан «Toyota Alpart» автокөлігінің үш жолаушысы, оның ішінде 4 жасар қыз Хромтау ауданының ауруханасына жатқызылды. Ақтөбе облыстық полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларға жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтау керектігін ескертеді», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде