{metadescription}
34 жастағы елорда тұрғыны лифт панелін сындырды

34 жастағы елорда тұрғыны лифт панелін сындырды

Әлеуметтік желілерде бұзақылық әрекеті түсірілген видео жарияланды.

Оқиға 17 маусымда Түркістан көшесіндегі Нұр-Сұлтан тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Ер адам лифт кабинасына кіріп, басқару панелін жұдырығымен ұрып тастады. Аталған факт бойынша полиция 34 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, полицияға жеткізді.

"Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Ол өзінің әрекетін жаман көңіл-күйде болдым деп түсіндірді. Жиналған материалдар шешім қабылдау үшін Нұр-сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді", ‒ деп түсіндірді елордадағы ПД.

Санкция бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуды немесе он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуды көздейді. Нұр-Сұлтан қаласының полиция департменті қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін және жалпы мүлікке зиян келтіргені үшін жауапкершілік туралы ескертеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.