{metadescription}
Алматыда субұрқақта ойнап жүрген балалар тоққа түсіп қалды

Алматыда субұрқақта ойнап жүрген балалар тоққа түсіп қалды

Алматыда субұрқақта ойнап жүрген балалар мен оларды құтқармақ болған әйелді тоқ соққан.

Оқиға туралы әлеуметтік желі қолданушысы жазды. Желіде тоқ ұрған жеткіншектер мен әйел түсірілген видео таралды. Куәгерлердің сөзінше, екі қыз аяқкиімдерін шешіп, субұрқаққа түсейін деген. 

"Олар субұрқақтағы темірге жабысып қалды. Анасы балаларын құтқармақшы болып жүгіріп барды. Олардың дауысы шықпады, сол кезде тоқ соққанын түсіндім. Мен көмекке шақыра бастадым, бірақ оларды құтқаруға ешкімнің жүрегі дауаламады. Бір кезде біз жігіт жәрдемдесуге жүгіріп келді", - деп жазды Үкілай Бестай есімді желі қолданушысы. 

Абырой болғанда, әлгі жігіт қыздар мен әйелді құтқарып алған. Оған көмекке тағы бір ер азамат келген.  Оның сөзінше, бір қыз бірден есін жиған. Ал қалған екеуіне алғашқы көмекті сол маңдағы адамдар жасаған. Қазіргі таңда тоқтан зардап шеккендердің жағдайы белгісіз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.