{metadescription}
Түркістан облысында жоғалған жетінші туристің денесі табылды

Түркістан облысында жоғалған жетінші туристің денесі табылды

Түркістан облысының Төлеби ауданына қарасты «Сайрам-Өгем» шатқалында тағы бір адамның мәйіті табылды.

22 маусым сағат 11.50 кезінде Шымкент қаласы ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мәйітті Айғыржыққан және Өгем өзендерінің тоғысқан жерінен екі шақырым жоғарыда су түбінен тапқан. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді. Мүрдені тасымалдау үшін «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы оқиға орнына бара жатыр. Табылған мәйіт сараптама жасалу үшін полиция қызметкерлеріне табысталады.

Іздестіру жұмыстары 8 бағыт бойынша жүргізілді. Оған 107 адам, 17 техника, 3 квадрокоптер, 4 кинологиялық есеп пен 1 тікұшақ жұмылды.

Естеріңізге сала кетейік, 25 мамыр күні сағат 18.30-да «112» пультіне жеті туристің жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Іздеу жұмысы 27 тәулік бойы жалғасты. ТЖМ барша азаматтарға таулы жерлерде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, дайындықсыз тауға шықпауға шақырады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.