{metadescription}
Әкесін жерлеп келе жатқан ер адамды қан-жоса етіп ұрып кетті

Әкесін жерлеп келе жатқан ер адамды қан-жоса етіп ұрып кетті

Өзбекстанның Науаи облысында әкесін жер қойнына тапсырып келе жатқан жергілікті тұрғынға бір топ адам тас боратқан.

Жанжалдың видеосы желіде тарап кетті. Бұл жағдай облыстық ішкі істер басқармасының назарына ілікті. Оқиға Газганда 16 маусымда таңғы сағат 8-дің кезінде болған. ІІБ мәліметінше, ер адам жерлеу рәсімінен үйіне қайтып бара жатқан. Жолда жергілікті тұрғынды кездестіріп, онымен сөзге келіп қалған.  

Әйел жанжалға күйеуін араластырған, ал ол бірнеше танысын жинап, әйелін ренжіткен адамның үйіне барған. Алайда ерегістің соңы көп ұзамай төбелеске ұласыпты. Ер адамдар бір-біріне тас лақтырған. Салдарынан олардың екеуі жарақат алды, оның бірі – жерлеу рәсімінен қайтқан ер адам. Зардап шеккендердің барлығы жергілікті клиникадағы дәрігерлерге көрінді. 

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.