{metadescription}
Ақтөбеде әйел 4-қабаттан секіріп кетті

Ақтөбеде әйел 4-қабаттан секіріп кетті

Ақтөбеде 4-қабаттан секірген әйелді полицейлер құтқарып қалды.

Ақтөбе қаласы Ш.Уәлиханов көшесіндегі үйдің 4-қабатынан әйел секірмек болды. Хабарлама түскен бойда оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы Нұрлыбек Конилкошев жедел жетті. Сондай-ақ патрульдік полиция қызметкерлері Саламат Елдесов және Нұрберген Ахетов барды. Полиция жағдайды бағдарлап, үйдің терезесінің астына көрпе тартып, әйелді секірмеуге үгіттей бастады. Бірақ ол 4-қабаттан секірді. Полиция мен көршілер жайған көрпе әйелді өлімнен аман алып қалды.

«25 жастағы әйел жеңіл дене жарақатын алып, Ақтөбе қаласының жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді. Ол медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді. Әйелмен бірге тұратын адам полиция қызметкерлеріне құтқарудағы жеделдігі үшін алғыс айтты. Әйелді осы қадамға итермелеген себеп анықталып жатыр», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде